15 Маус 2024
Страницы КГУ "Общеобразовательная школа имени Г.Муратбаева" отдела образования Созакского района управления образования Туркестанской области

Мектеп тарихы

Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің тарихы тереңде жатыр. 1928 жылы Созақ ауданының іргетасы қаланғаннан кейін Кеңес өкіметінің «жаппай және жалпыға бірдей сауат ашу, елде сауатсыздықты жою» туралы қаулысы бойынша бастауыш сауат ашу мектебі негізінде ашылды. Алғашқы кездеәрбір топтасқан елді мекендердегі ең үлкен үй таңдап алынатын. Оқушылар отыратын парта жоқ еді. Қағаз бен қалам тапшы болды.Оқушылар еденде отырып оқыса, бір қаламды бірнеше оқушыға бөліп, мойындарына тағып беретін. Дәптер болса да жоқ, оның орнына таза жонылған тақта немесе газет - журналдардың ашық жерлеріне жазатын. Міне осындай мектептер жаңадан ұжымғабіріккен колхоздарда, ТОЗ - да, артельдерде ашыла бастады» дейді - сол кездегі жағдайды көзбен көрген ауыл ақсақалдары.

Осындай қиын сәттерде шаңырақ көтерген білім ошақтарының бірі Сызған ауылындағы 7 жылдық мектеп еді. Мектеп жұмысын бастағалы мұнда елеулі азаматтар басшылық етіп, ауыл балаларының сауат ашуына бел шеше кірісті. 1964 жылы үкіметтің мектептерге кәсіби білім беру реформасын іске асыру мақсатында «Сызған»мектебі сегіз жылдық орталау мектебі болып құрылды. Ал, 1966 жылы орта мектеп мәртебесі берілді. 1967 жылдан бері Ғ.Мұратбаев есімімен аталады. 1990жылы ауданымыздың көмегімен салынған көп қабатты жаңа орынға көшірілді.

Бұл кезде ата - аналар мен оқушылар, ұстаздар шексіз қуанышқа кенелді.Бүгіндері киелі шаңырақтанбілім нәрімен сусындап шыққан шәкірттер ауыл азаматтарының мақтанышына айналып, республикамыздың сан тарауында қомақты еңбек биігінен көріне білуде. Сызғандық марқұм Құрал Рүстемов, атақты күйші Төлеген Момбековтер өмірлерінің соңғы сәтіне дейін ел намысын қолдан бермей, елінің атын жер жаhанға мәшhүр етті. Қазіргі таңда алдыңғы сапта еңбек етіп жүрген А.Иасауи атындағы Қазақ - Түрік университетінің оқытушысы, ғылым кандидаты Тілеу Күзенбаев, заң қызметкерлері полковник Нұржан Жұмашов, Қалдыбай Сыздықов, Мәулеш Жұмаділов, Әділхан Берікқаревтар, республикалық прокуратура қызыметкері Ә.Қалдыбеков, тележурналистер Өркенбай Қошықбаев, ақын Рақым Балабиев, Нысынбаев Досымбек, Мақсұт Бейсенұлы, Жамбыл қаласындағы педагогикалық институтының оқытушысы Балқия Момынова, тарих ғылымдарының кандидаты Жомарт Жеңіс, Ғылым кандидаты Құтжанова Асқан т.б есімдерін ерекше ілтипатпен айтып өткенді жөн көріп отырмыз.

Бұл киелі шаңыраққа әр жылдары мына төмендегі азаматтар басшылық етті.Соғыс жылдары, яғни, 1942 жылға дейін мешітте орналасқан «Сызған» бастауыш мектебіне Беркінбаев Шыныбай меңгеруші қызметін атқарды.1943 - 44 жылдар аралығында Жылысбаев Мырзахмет ыңғайластырылған жайларда балаларды оқытты.

Сызған 7жылдық мектебінемына кісілер басшылық етті: Ерәлі, БоранбаеваШамшия, Сиябеков Мадияр, Смағұлова Сара, Ерманов Болысбек, Алшынбай. «Сызған» 7 жылдықмектебін 1962 жылы Жылысбаев Мырзахмет қабылдап алды.

1964 жылы 8 жылдық мектепке айналды.1969 жылы КөшековЖәми директор болды. Шоңбаев Маханбет 1979 - 1988 жж., Әженов Елубай 1989 - 1990 жж., Алтыбаев Қуанышбай 1990 - 1994 жж.,Жұмәділов Бақыт 1994 - 2008 жж., Момбекова Гулжан 2008 - 2012жж., Тоққожаева Манат 2013жж., Байс Сарыбай 2013 - 2019 жж., Кәдірханұлы Оразхан 2019 жылдың қараша айынан бастап мектеп директоры болып жұмыс істеп келеді. Қазіргі таңда мектебімізде 66 мұғалім жұмыс істеп, 424 оқушы білім алады. Мектепалды даярлықта 30 тәрбиеленуші бар. Мектепте «Өлкетану және жауынгерлік даңқы» мұражайы жұмыс істейді.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар